5G интернет станцияларының зияны туралы министр пікір білдірді
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 5G жоғары жылдамдықты интернет тарататын станциялардың зияны туралы айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Адам денсаулығына ұялы байланыс антенналарының әсері тақырыбына тоқталсақ, ешбір антенна тиісті санэпидемиологтардың рұқсатынсыз орнатылмайды. Әрбір базалық станция үшін тиісті санитарлық паспорт беріледі. Тұрғын үйдің үстіне ұялы байланыс антеннасы міндетті санитарлық аумақ талаптарына сәйкес орнатылады. Сондықтан тұрғындарға алаңдаудың реті жоқ", - деді министр.
Атап кетерлік жайт, бүгінгі күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G жедел интернетін орнату туралы пилоттық жоба іске асырылуда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”