Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom Holding Corp. акцияларының NASDAQ биржасына шыққанына бір жыл болды

Қазақстандағы өкілі "Фридом Финанс" болып табылатын Freedom Holding Corp. инвестициялық холдингы америкалық Nasdaq қор биржасында листинг үрдісін сәтті аяқтады. ТМД елдері бойынша мұхиттың арғы бетіндегі елдің биржасын бағындарған қаржы брокері бір жыл ішінде қандай жетістіктерге жетті? Бұл туралы біздің материалдан оқи аласыздар. 

биржа

Қазіргі таңда Freedom Holding Corp. холдингының акциялары  Nasdaq Capital
Market-тен (NASDAQ) бөлек, Қазақстанның биржа қоры (KASE) және Санкт-Петербург биржаларында саудаланады. 

2019 жылы 15 қазанда іске қосылар кезде NASDAQ биржасындағы Freedom Holding Corp. ұйымының бір акциясы $14,42 болған. Мекеменің құнды қағаздары FRHC тикерімен саудаға түседі. 

Бір жыл ішінде FRHC акциялары 265 000 данаға шаққанда 89%-ға, яғни $4,5 миллионға   көтерілген. 

Санкт-Петербург биржасы 2019 жылы 16 қазанда FRHC акцияларын сатуды NASDAQ-пен бірге бастаған еді. Ашылу кезеңінде холдинг акциялары $13,31, ал өсім 104,7%-ды құраған. 

KASE-те Freedom Holding Corp. ұйымы 2019 жылдың 4 ақпанынан бастап саудаға түсіп, бір қағаз 3 194 теңгеге бағаланған. Қазіргі күні өсім 269,8%-ды көрсетіп отыр. Сауданың орташа көлемі 12,8 млн теңге. 

"Біз АҚШ-та институционалды инвесторлық базаның кеңейгеніне және жаңа әрі маңызды акционерлердің корпорациямызға назар аудара бастағанына өте қуаныштымыз. Листинг басталғалы бері биржада жасалатын сауда ауқымы көтерілді. Қазіргі күні біз қаражат тартуға бағытталған мүмкіндігіміз бар екенін жасырмаймыз. Бұл жыл өзінің ерекшеліктерімен, маңыздылығымен есте қалды", - дейді Freedom Holding Corp. ұйымының CEO маманы Тимур Турлов.

Айтуынша, Freedom Holding Corp. акцияларының Nasdaq биржасына шығуы - ұйымның жаңа белестерді бағындыруына таптырмас дүние.

"Біздің топ болашақта ұйымның аяққа нық басуы үшін барынша жоғары қаржы көрсеткіштерін жетуге талпынуда. Соңғы тоқсандарда нарықта қол жеткізген мүмкіндіктер мен рекордты көлемде тапқан түсімді ұтымды пайдалана алғанымызға ризамын", - деп қосты Тимур Турлов.

2021 фискалды жылының 1 тоқсанында Freedom Holding Corp. мынадай нәтижелерге қол жеткізе алды: 
- Былтырғы жылмен салыстырғанда $56,4 миллионды құрайтын түсім көлемі 93%-ға, яғни $27,2 миллионға өскен. 

- Таза кіріс мөлшері $16 милионнан $24,3 миллионға көтерілді. 

- Холдингтің автивтері мен міндеттемелері 2020 жылдың 30 маусымына қарай $716 миллионға және $683 миллионға артты. 

Айта кетейік, NASDAQ биржасындағы листинг ережелері әлем бойынша ең қаталы десек қателеспейміз. Биржа есептік көрсеткіштерге, қаржылық нәтижелерге және өтімділік деңгейіне, корпоративтік басқаурға және бизнестің ашықтығына аса мән береді. Осылайша, Freedom Holding Corp. Қазақстанның өзін және оның қаржылық секторын әлемдік қор нарығына танытуда. 

Пандемия басталып, ел экономикасының басына күн туғанына қарамастан нарық жылдам қайта қалпына келді. Бұған қоса қор нарығы да қарқынды түрде өсті. Соңғы уақытта бұл салаға құйылған инвестиция көлеменің ауқымдылығын байқауға болады. Мәселен, 2020 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Freedom Holding Corp. ұйымында 152 000 клиенттік есепшот ашылған. Ал фискалды 2021 жылдың бірінші тоқсанында 12 000 есепшот іске қосылған. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Қазан, 2020 08:00
Талқылау