Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамның тістері сияқты": Шымкент тұрғыны ерекше балық аулады

Шымкенттегі Бадам өзенінде балықшы ерекше балық ұстады. Ауланған балықтың бес жасар баладағы сияқты тістері бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Отырар" басылымының хабарлауынша, жергілікті тұрғын Бадам өзенінде балық аулаған. Бастапқыда ауланған балықты үлкен мөңке сазанына ұқсатқан, бірақ оның аузына қараған кезде өзінің ерекше түр ұстағанын түсінген.

"Балық үлкен, бес литрлік бөтелкенің өлшеміндей, салмағы 1 300 грамм, ол сазанға ұқсас. Желбезектеріне қарадым - олар қызыл түсті. Мен аузын ашып едім, бес жасар баладағы сияқты адамның тістері болды. Қорқып кеттім", - дейді Жеңіс Өзденбаев.

Кейбіреулер бұл қоңыр паку болуы мүмкін деп болжайды, бұл пиранха тұқымдасына жататын балық түрі. Бұл түр негізінен Амазонка және Ориноко өзендерінің бассейнінде болады. Ұзындығы бойынша бұл балықтар 108 сантиметрге жетуі мүмкін. Олардың тістері төртбұрышты және адам тісіне өте ұқсас. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz) on

Талқылау