Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нағыз ерлік жасағандарды емес, спортшыны марапаттаған": Видеоны көрген журналистер Дәурен Рымқұловты сынады

Жақында алты адамды өрттен құтқарғаны жайлы Дәурен Рымқұлов есімді спортшы жайлы барлық БАҚ жарыса жазды. "Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы Дәурен Рымқұлов алты адамды оттан шығарды", - деп блогер Анатолий Цой өзінің инстаграмдағы парақшасында айтты. Ендігі кезекте сол оқиға бейнеленген видео табылып, журналистер арасында дау тудырды. Белгілі болғандай, ауыр атлетика чемпионынан басқа да өрт кезінде қайсарлық танытқан, адамдарды құтқарған белгісіз батырлар бар екен. Бір қызығы олар туралы әкімдік те, ІІМ-де біле тұра мұны жылы жауып қоя салған. Себебі Дәурен Рымқұлов критерийлерге көбірек сәйкес келеді дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме беріп.

Мақсат ұлды (бірінші), Ален қызды көтеріп, Дәурен жалғыз түсіп келе жатыр

Қазақстан ІІМ Дәурен Рымқұловты "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапаттаса, Алматы әкімі "Еңбегі үшін" төсбелгісін жеке тапсырды, ал ауыр атлетика федерациясының президенті Дәуренге алғыс хатты табыстап қана қоймай, сонымен қатар, ауыр атлетикадан КСРО-ның тұңғыш спорт шебері, қазақстандықтар арасында қаһарман әкесін тәрбиелегені үшін Амангелді Рымқұловты Құрмет грамотасымен марапаттады. Әрине, өрттен алты адамды құтқарған кейіпкер, керемет спортшы, әдемі ұл, күйеуі, әкесі туралы барлық БАҚ жазды, тіпті телевизиялық бағдарламаны түсірілімі басталып кеткен. Алайда аяқ-асты түсірілім тоқтап қалған.

"Біз еріктілер, батырларға арналған телешоуды түсіреміз, ерлік жасағандардың пәтерін жөндейміз. Дәурен тамаша үміткер болды. Мен подъезд ішіндегі және көшедегі видеобақылауды сұраттым. Бірақ видеоны көрген соң, біз пәтерге жөндеу жұмыстарын жасаудан бас тарттық. Себебі видеодан ерлік көре алмадық", - дейді сценарий авторы Алеся Драница.

"Түсірілім тоқтады, мен Цойға жаздым, одан Рымқұловтың ерлігі туралы бүкіл ел білді, бұл өрт оқиғасы жайлы дұрыс ақпарат берілмеген. Әрине, Дәурен жарады, бірақ ол алты адамды құтқарған батыр емес! - дейді эмоционалды түрде телешоу жүргізушісі Ақмаржан Көшербаева. Мұндай сөзіне жүргізуші Цой тарапынан жігітті қаралап жатырсың деген айыптаулар түскен.



Радостовец көшесіндегі 49 үйдің тұрғындары үшінші қабаттағы пәтердегі өрт 14 тамызда үй иесі газда тамақ дайындаған кезде болғанын айтады. Ол отты өзі сөндіруге тырысқан, бірақ ол ас үйден дәлізге лезде тарап, ал түтін бүкіл кіреберісте найзағай жылдамдығымен тарала бастады. Төмендегі тұрғындар тез көшеге шықты, бірақ жоғарғы қабаттарда қалғандарға қиын болғанын тұрғындар айтады.

Бейнежазба бойынша, көмек шынымен алтыға қажет болды. Олардың арасында бес емес, тек екі бала болды, өйткені блогерді қайталағандардың бәрі қатты дауыстады. Осы алты адамды құтқару үшін әр түрлі адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Өрт болған подъездің тұрғыны Мишель Зингер ең бірінші болып көмекке әкесі келгенін айтады. Одан бөлек, Алишер және Ален есімді екі жігіт те адамдарды подъезден шығарған.

Сыныптастары Ален мен Руслан адамдарды құтқарды, дейді Мишель.

Ален (оң жақта), Руслан (сол жақта), Мишель

Мишель Зингердің әкесі Евгений Зингер өзі туралы ештеңе жариялаудың қажеті жоқ екенін айтады. Ең бастысы, сол өртте адамдарды құтқарып, ерліктері ұмыт болған басқа бозбалаларды марапаттаса екен деген тілегін білдірді.

Видеода Ален Бочарников пен Евгений Зингердің алғашы боп көмекке келіп, адамдарды подъезден шығуға шақырып жүргені көрінеді.

Ален Бочарников пен Руслан Сеитов өздеріне тек Дәурен Рымқұловтың ерлігін растау мақсатында ғана сұрақ қойылғанын айтады.

"Мен түсінгенім бойынша, бізді оның көмекшілері ретінде көрсеткілері келді", - деп еске алады Ален.

"Біз Руслан екеуміз бұл аулада тұрмаймыз, бірақ достарымызбен сөйлесу үшін осында келеміз. Есімде қалғаны, олар: "Жүгірме, газ жарылып кетеді!"- деп айқайлады. Алдымен пәтер иесі шығарылды. Содан кейін бір әйел жүгіріп кеп: "Балаларым қалып қалды!"деп айқай салды. Соңғы қабатта тыныс алатын ауа жоқ. Кейбір ер адамдармен балалар шығарылды, басқа ештеңе есімде қалмапты", - дейді Ален.

Одан бөлек, Мақсат есімді қазақстандық емес жігіт те өрт кезінде адамдарды шығаруға көмектескен. Алайда қазір ол елде емес, дейді тұрғындар.

Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова имидждік жоспар бойынша жұмыс істейтіндіктерін айтқан. 

"Жастар үлгі алуы үшін біз құтқару кезінде ерекше көзге түскен адамдарды ынталандырамыз", - дейді.

Бірақ кейіпкерлерге тек жақсы өмірбаяны бар чемпиондар ғана жарамды, ал әйгілі әкелері жоқ қарапайым адамдар мен колледж балалары ерлік жасаса да, ешкімді қызықтырмайтын көрінеді.

Еске салайық, 33 жастағы спортшы Дәурен Рымқұлов алты адамды өрттен құтқарды деп хабарлаған едік.

Талқылау