VIP-массаж салонының атын жамылған: Ақтөбеде интимдік қызмет көрсетуге арналған притон анықталды

Ақтөбелік полицейлер VIP-массаж салоны түрінде жұмыс істейтін интимдік қызмет көрсетуге арналған притонды тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбенің ескі бөлігінде орналасқан притон Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері "Стоп Трафик" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекеме әкімшісі қызметін атқарған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Ол интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды ұсынған.

Тексеру кезінде бөлмеде интимдік қызмет көрсететін үш қыз болған, олар Атырау облысының тұрғындары болған.

Облыс ПД осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі "жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Сонымен қатар, материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу"бойынша кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Ақтөбе қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр