Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 155 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркелгені туралы мәлім етті, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жер асты дүмпулері 7.34-те сейсмология институты мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялары желісімен тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 155 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,5. Магнитудасы - 3,9, тереңдігі - 15 шақырым", - делінген хабарламада.

Қазақстанда жер сілкінісінің байқалғаны туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, 6 маусымда Алматы облысында магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі болды. Алматы облысының Талдықорған, Текелі, Қарабұлақ тұрғындары жер сілкінісін 4 балл, Қапалда 2-3 балл, Алматыда 2 балл шамасында сезілді. 


Жер сілкінісі туралы ең қызықты деректер

STAN.KZ
Жұма, 24 Шілде, 2020 09:24
Талқылау