Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жағдайы төмен ауыл тұрғындарына 50 мың теңгеден тағайындалады

Қазақстанның ауыл-аймақтарында тұратын жағдайы төмен отбасыларға 50 мың теңгеден берілетін болды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

"Құрметті достар! Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Birgemiz» қоры таяу уақытта біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін ұйымдастырады. Елбасының бастамасы бойынша көмек қамқоршылар кеңесінің шешімімен еліміздің ауылдық елді мекендеріндегі аса мұқтаж 80 мың отбасыға бағытталады.Тұңғыш президенттің үндеуіне қолдау білдірген ақжүрек меценаттарымыздың арқасында қорға 28 миллиардтан астам қаражат жиналды. 23 ірі қалада, сондай-ақ оларға іргелес шағын қалалар мен ауылдарда 470 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды", - деп жазыпты Байбек.

Сондай-ақ партия төрағасының орынбасары 100 мың отбасыға тегін маска таратылатыны жайлы айтып кетті. 

"Сонымен қатар мұндай материалдық көмек коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін қолдауға және әлеуметтік жағынан әлсіз 100 мың отбасыны тегін маскамен қамтамасыз етуге бағытталды.Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су басудан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы биылғы шілде айының ішінде-ақ аяқталады", - деп қосты ол.

Бұған қоса Бауыржан Байбек «Біз біргеміз» қоғамымыздың жаңа ұранынан айнлағанын айтып кетті. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Маусым, 2020 18:19
Талқылау