Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдіктің қоршауына соғылған мектеп түлегіне су жаңа көлікті ата-анасы сыйлаған

Қарағандыда әкімдіктің қоршауын бұзып өткен оқушыға көлікті оның ата-анасы сыйлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Еске салайық, 17 жастағы мектеп түлегі көлігімен әкімдіктің қоршауына соғылыпты. Абырой болғанда, ешкім жарақат алмаған. Артынша анықталғандай, су жаңа көлікті оқушыға оның ата-анасы мектеп бітіруіне орай сыйлапты. Алайда бозбаланың көлікті айдауға деген рұқсаты болмаған сыңайлы. Жүргізуші куәлігін 18 толған кезде алмақшы болған. 

"Автокөлік оқушыға тиесілі. Атына аударылған. Алайда жүргізушінің жасы 18-ге әлі толмаған. Жүргізуші куәлігі жоқ. Зардап шығыны есептеліп, кінәлі азамат төлейтін болады", - деді Қарағады қалалық ПБ басшысының орынбасары Ерлан Ақылбеков. 

Енді оқушының әке-шешесі 160 мың теңгелік айыппұл төлеуі тиіс. Бұған қоса өз қалтарынан келтірілген шығынды өтейді. 

Бұған дейін Маңғыстау облысында кортеж жалдап, мектеп бітірулерін тойламақшы болған түлектер жазаланғаны жайлы айтылған еді. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр