Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Карантинге байланысты тазарған ауа коронавирустан көз жұмғандардан да көп адамның өмірін сақтайды

Ғалымдар коронавирус пандемиясына байланысты карантинге жабылған қалаларда ауа қабатының тазаруы нәтижесінде қатерлі аурулардан  құтқарылған адамдардың саны қытайлық індеттен көз жұмғандардыкінен айтарлықтай көп болуы мүмкін деген тоқтамға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Бұл туралы Forbes.com порталында жарияланды. 

Коронавирус пандемиясына қатысты жүзеге асырылған сақтық шаралары бірқатар өндіріс орындарының жұмысының тоқтатылуы мен қалалардағы көліктің азаюына алып келген еді. Өз кезегінде бұл жағдай ауаға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтыпты. Хьюго обсерваторияның директоры Франсуа Жеменнің сөзінше, аталған жағдай адамзат үшін өзінің жағымды ықпалын алып келуі әбден мүмкін. 

"Егер лас ауаның кесірінен қайтыс болған адамдардың көрсеткішімен салыстырғанда коронавирустан көз жұмғандардың саны онша көп болмайды. Сондықтан коронавирусты айтарлықтай қатердің нышаны деу айту дұрыс емес  ", - депті обсерваортия басшысы. 

Сарапшы сөзіне дәлел ретінде ол жыл сайын ластанған ауаның салдарынан туындайтын қатерлі аурулардың кесірінен жыл сайын Қытайда миллионнан астам адам қайтыс болатынын мысалға келтіріпті. ДДСҰ мәліметінше, әлем бойынша бұл көрсеткіш жеті миллионға жетеді екен. 

Ғалымдар коронавирустан жалпы саны бірнеше миллион адам көз жұматынын болжап отыр. Десек те кейбір сарапшылар коронавирус соншалықты көп адамның өмірін қияды дегенге сенбейді. Ал тағы біреулері індетті 1957 жылы болған тұмау вирусының пандемиясымен салыстыруда. Бұл кезде жұқпалы инфекция миллионнан астам адамның өмірін жалмаған. Алайда барлығы да егер коронавирустың таралу аумағы ауыздықталса, бұл індеттен көз жұматындардың санын төмендейтініне күмән келтірмейді. 

Жеменнің болжамын басқа да зерттеушілер растап отыр. Стэнфорд университетінің профессоры Маршалл Берк жасаған бақылау нәтижесінде ауа қабаты ластануының төмендеуі кем дегенде 4000 нәресте мен 73 мыңнан астам егде жастағы адамдардың өмірін сақтап қалған. 

"Ең таңқаларлығы, мені коронавирустың таралуына байланысты шаралардың ауқымдылығы қызықтырады. Бұған дейін біз ауаның ластануы мен климаттың өзгеруіне бей-жай қарап жүрген едік. Ал бүгінгі күні жыл басынан бері бірқатар мардымды өзгерістерге қол жеткізіп отырмыз. Біз неге соншалықты коронавирустан қорқып отырмыз? Неліктен ібз соншалықты ауаның ластануы мен климаттың нашарлауына көз жұма қараймыз? Коронавирус деген не өзі?" - депті Франсуа Жеменн. 

Еске салайық, бұған дейін коронавирусқа байланысты Уханьда жарияланған карантин ауа қабатының едәуір тазаруына алып келгендігі жайлы айтылған еді. 

Талқылау