Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің 768 шаршы метрлік шатыры құлаған (видео)
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «112» төтенше нөміріне 13-07-де «Көктал-1» тұрғын үйінің шатыры құлағаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласының ТЖ департаментінің баспасөз хатшылығы хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар бөлімдері мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнына келген кезде, екі қабатты тұрғын үй (16 пәтер) шатырына қардың көп мөлшерде жиналуы салдарынан, жалпы ауданы 60 шаршы метр (жалпы ауданы 768 ш.м.) шатырдың құлағаны анықталған.
Өрт сөндірушілер, құтқару тобының қызметкерлері үйдің шатыры мен жолдан қарды тазартуға кіріскен. Жедел әрекет ету және өрт сөндіруші-құтқарушылардың бірлескен жұмысының арқасында тазарту жұмыстары кешкі сағат 18:04-те аяқталып, 288 текше метр шатырдан қар тазартылған.
Үй тұрғындары құтқарушыларға жедел әрекет етіп, атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірген.
Елордалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй кешендеріне және әкімшілік ғимараттарға (Бизнес орталықтар, ӘКК) қызмет көрсететін компаниялардың өкілдеріне ауа-райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға, су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізуге кеңес береді.
Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттарының өкілдеріне кіреберістердің шатыры мен жолдарды қар және мұздан тазартуға, сондай-ақ үйдің және оған іргелес жатқан жаяу жүргіншілер мен жол төсемдерін тазартуға кеңес беріледі.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
