"Неше рет өліп тірілдім": 82 жастағы алматылық әжей коронавирусты қалай жеңіп шыққанын айтты

«Коронавирусты сенім мен шыдамдылықтың арқасында жеңіп шықтым». 82 жастағы әжей осылай дейді. Елордаға қыдырып келіп, туыстарынан вирус жұқтырып алған екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Евразия" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Індетті жеңіп шыққандар арасында Нұрғаби әже бар. Жасы 82-де. Әжей ақпан айында Алматыдан елордаға қыдырып келген. Наурыз төтенше жағдай жарияланған соң үйіне қайта алмай, елордада қалып қояды. Айтуынша, вирусты туыстарынан жұқтырған. 

"Бір жағынан Алланың арқасы, бір жағынан дәрігерлерімнің арқасында емделіп шықтым", - деді Нұрбағи Қапасова.

Індеттің ілмегінен құтыла алмаспын деп бойын үрей билеген. Сондағысы - жақындарымды көре алмаймын ба деген қорқыныш. Алайда 20 күндік ем-дом дертке шипа болған секілді. Ақ халаттыларға деген сенім мен сарқылмас шыдам да әжейдің аурудан айығуына көмектесті. 

"Небір жақсы дәрігерлер бар екен. Апамызды аман алып қаламыз деп жанталасты. Неше тірілдім. Өліп бара жатсам, тірілтіп алады. Бәрі зыр жүгіріп жүрді", - деп әжей дәрігерлерге ризашылығын айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр