Непалда наразы халық премьер-министрдің әйелін үйіне қамап, өртеп жіберген
Фото: indiatoday.in
Непалдың бұрынғы премьер-министрінің әйелі үйіне шабуыл жасаған наразы халықтың қолынан қаза тапты. Ереуілшілер әйелді үйге қамап, үйді өртеп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Непалдың бұрынғы премьер-министрі Шарма Олидің жұбайы, елдің сыртқы істер министрі Арзу Рана Деуба ауыр күйік жарақатын алған. Өрт қоймас бұрын ереуілшілер әйелді қатты соққыға жыққан. Өртеніп жатқан үйден алып шыққанда оның жағдайы тым ауыр болыпты. Әйел ауруханада көз жұмды.
Айта кетейік, бұған дейін Непалда халық әлеуметтік желілердің бұғатталуы мен елді жайлаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай нарзылыққа шығып, премьер-министр Шарма Олидің резиденциясын өртеп жіберген еді. Оқиғадан соң премьер-министр отставкаға кеткенін мәлімдеді.
Отставкаға кеткендер арасында елдің ішкі істер министрі Рамеш Лекхак, ауыл шаруашылығы министрі Рамнатх Адхикари, жастар және спорт министрі Теджу Лал Чаудхари, сондай-ақ су ресурстары министрі Прадип Ядав бар.
Сондай-ақ Непал әскері саяси басшылық жоқ кезде елдегі қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді.
Әскерилердің мәлімдемесінде "ұлттық тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты, ұлттық бірлікті және непал халқының қауіпсіздігін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерін толық орындайтындары" айтылған.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
