"Неге тек Жалғас?" - Жұмағұловтың қарсыласы UFC-ге ренішін білдірді
Анголалық спортшы және Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы Манел Кап жекпе-жек жайлы хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Манел Кап "UFC Russia" парақшасында жарияланған хабарламаға өз наразылығын білдірген. Мұнда жарияланым авторлары қазақстандық спортшыға қолдау көрсетуге шақырған.
UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз есірткі қолдануы мүмкін бе – Федерация президенті пікір білдірді
"Неге тек Жалғасқа қолдау көрсетілуі керек? Мен де орыспын және орыс тілін оған қарағанда жақсы білемін. Ол тіпті "борщты" да дұрыс ішпеген. Ал мен күнде ішемін. Бұл жеңіс менің ресейлік жанкүйерлеріме арналады", – деп пікір қалдырды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Кап "қазақтарды тізе бүктіреміз" деп мәлімдеме жасаған болатын.
Кап пен Жұмағұлов арасындағы кездесу 5 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ