Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Оннан астам адам Қарағандыдағы танымал орталықтан донер жегеннен кейін инфекциялық ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

донер

Барлық зиян шеккен азамат донер жегеннен кейін не жүре алмай, не сөйлей алмай қалғанын айтады. 

«Мен қарным ашып тұрған соң, донер сатып алдым. Араға 3 сағат салып жүрегім айнып, құса бастадым. Есімді жинай алмай қалдым. Мүлдем күшім қалмады. Тіпті, телефон қоңырауларына жауап бере алмай қалдым. Шөпке барып, сол жерде жаттым. Бар өмірім көз алдымда өткендей болды. Жанымдағы таныстарым жедел жәрдем шақырды. Сол жерден мені алып кетті. Жедел жәрдемнің ішіндегілер менің донерден уланған бірінші адам емес екенімді айтып жатты», - дейді зиян шеккендердің бірі Александр. 

20 тамыздан бастап, бүгінге дейін 13 адам ауруханаға донерден уланғанын айтып көмек сұрап келген. Олардың арасында 10 жасар бала да бар. Облыстық инфекциялық аурухана директоры Гүлмира Бекзатованың айтуынша, келіп түскенердің барлығының белгісі бір. 

Талқылау