Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не дейсің?": Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға ұсыныс жасады

Хамитов пен АлтынбековаФото: Қуат Хамитов пен Сабина Алтынбекованың желідегі парақшасынан

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов жанкүйерлерінің идеясын қолдап, волейболшы Сабина Алтынбековаға өз фильмінде ойнауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында 2026 жылдың көктемінде алғашқы фильмін түсіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол жазбасында ерекше түрде қыздарға да үн қатты. Спортшының айтуынша, егер ол біреуге жаза бастаса, демек сол адамды фильмдегі рөлге лайық деп қарастырады.

"Иә, бұл рас. Келесі жылы көктемде өзімнің алғашқы фильмімді түсіруді жоспарлап отырмын. Сценарийді өзім жаздым, актерлерді де өзім таңдаймын, жобаның барлық қаржылық жағын да өз мойныма аламын. Бұл фильм мен үшін жай ғана дебют емес, мен оның қазақстандық кинематографияға жаңа серпін әкелуін қалаймын. Қыздар, егер сіздерге жазсам, демек, сіздерді рөлге қарастырып жатырмын", – деп жазды Хамитов.

Жанкүйерлер пікірлерде болашақ фильм туралы қызу талқылау жүргізді. Солардың бірі Қуатқа волейболшы Сабина Алтынбекованы фильмге шақыруды ұсынды. Бұл пікірге жауынгердің өзі жауап қатты.

"Тамаша идея! Не дейсің?" деп жазды Қуат және жазбасында Алтынбекованы белгілеп қойды. Қазіргі сәтте Сабина Алтынбекова бұл ұсынысқа әлі жауап бермеген. Айта кетейік, Қуат Хамитов бұрын да волейболшыға деген сезімі бар екенін жасырмаған. 2020 жылы ол бір телешоудың эфирінде Сабинаға көңілі бар екенін ашық айтқан еді.


ММА-дан кете ме? Қуат Хамитов күтпеген мәлімдеме жасады


"Қазір менің назарымда жүрген бір қыз бар. Ол да спортшы, волейболшы Сабина Алтынбекова. Менің ойымша, бізден жақсы чемпион балалар дүниеге келер еді. Достарым әзілдеп “Егер үйленсеңдер, Дэвид Бекхэм мен Виктория сияқты жұп боласыңдар” дейді. Ол спортшы, мен де спортшымын. Бір-бірімізді жақсы түсінер едік", – деген еді файтер.

Қуаттың айтуынша, ол Сабинамен алғаш рет бір шоу түсірілімінде көріскен.

STAN.KZ
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 02:57
Талқылау