AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назима: Қазақ азаматына тұрмысқа шыққым келеді

Әнші Назима Жәнібекова қазақ азаматына тұрмысқа шыққысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz арнасына берген сұхбатында айтты. 

Сұхбат барысында журналист Назимадан "Отбасыңыз өзге ұлт өкілін сіздің жолдасыңыз ретінде қабылдауы мүмкін бе?" деп сұрады. 

"Бұл тақырыпты шынайы талқылаған емеспіз, кейде қалжыңдасатанымыз бар. Меніңше, олар бұл жағдайды тек қабылдай алады. Бірақ қуанады дей алмаймын. Өйткені бұл қазақ тұқымының жалғасы. Ашығын айтсам, өзім де қазақ азаматына тұрмысқа шыққым келеді.

Бұрын "қазаққа тұрмысқа шыққым келмейді" деп айтатынмын. Бірақ ол балалықпен айтылған сөз. Шын мәнінде, менің тұқымым, балаларым қазақ азаматынан болғанын қалаймын. Ең бастысы, мұсылман болса болды. Қалғаны, бұйырғаны. Бірақ мені қабылдайтын қазақ болса, қуана тұрмысқа шығамын", – деді әнші.

Назима алғашқы некесі жайлы сөз қозғады. Ол қызының әкесі туралы жаман сөз айтқысы келмейтінін, қандай да бір ойы арқылы оны ренжіткісі келмейтінін жеткізді. Ол тек алғашқы некеге "саналы" түрде аяқ баспағанын атап өтті. 



"Сүйдім бе?" деген сауалға жауап бере алмаймын. Махаббат деген не? Бұл барлық сезімдердің, эмоциялар мен қасиеттердің жиынтығы. Ол сәтте мен саналы шешім қабылдадым дей алмаймын. Мен бар болғаны күйеуге шығып, бала тауып, отбасын құрғым келді.

Ешкім қысым көрсеткен жоқ. Аналық инстикт қатты болды, балалы болғым келді. Жаман емес жігіт, ұсыныс жасап тұр, неге келіспеске деп ойладым. Әжептеуір ересекпін, отбасын құратын кез келді деп ойладым. Белгілі бір инстинктке сүйеніп, сол адамның етегінен ұстадым. 

Уақыт өте келе ол менің адамым емес екенін түсіндім. Сол адамнан кейін, жанымдағы азаматтың қандай болуы керектігін түсіндім. Кіммен болғым келетінін түсінемін. Яғни адамды таңдағанда қандай қасиеттер мен талаптарға сай келуі керектігін білемін", – деді Назима.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр