Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың отбасы Лондонда құны 50 миллион долларлық мүлікке иелік етеді – БАҚ

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары Лондонда құны 40 миллион фунт стерлинг болатын мүлікке иелік етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

үй

Басылымның мәліметінше экс-президенттің туыстарының мүлкі жайлы ақпарат Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты Ұлыбританияда жаңа өзгерістер енгізілген соң мәлім болған. Аталған өзгеріске сәйкес елде офшор арқылы зәулім үйлерге иелік ететін азаматтардың мәліметтері жария етілуі керек, ал бұған дейін мұндай деректер құпия саналып келген. 

Британ үкіметінің тізіміне сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваға Лондон солтүстігінде орналасқан құны 9,3 миллион фунт болатын зәулім үй мен Челси ауданындағы 31 миллион фунттық екі пәтер тиесілі. Жылжымайтын мүлік Панамадағы Tropicana Assets Foundation мен Villa Magna Foundation офшорлық компанияларына тиесілі екен. 

Ал Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев 2007 жылы офшорлық компания арқылы Ұлыбритания королінің інісі Эндрю ханзададан Беркширдегі Саннингхилл-парк үйін сатып алған. Бұл үшін 15 миллион фунт стерлинг төлеген. Times басылымы Құлыбаевқа бұдан бөлек Гайд-парк маңындағы бағасы 1,5 миллион фунт болатын жылжымайтын мүліктің тиесілі екенін атап өтті. 

Басылымның сауалына Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаева жауап бермеген. Ал Schillings компаниясы Құлыбаевтың "35 жыл ішінде заңды және әділ жолмен табыс тапқан тәуелсіз кәсіпкер" екенін мәлімдепті. 

Талқылау