Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университетіне қанша талапкер грант жеңіп ала алады

Биыл Nazarbayev University-ге оқуға түсуге өтініш білдерген талапкерлер саны рекордтық мөлшерге жетті. Университетте оқығысы келетіндердің саны 10 000-нан асты, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 40 пайызға көп. Университеттің пікірінше, бұл көрсеткіш оқу орнына деген сенім мен танымалдылықтың артқанын білдіреді.

Көпшілік мемлекеттік білім гранты арқылы оқуға түскісі келеді, алайда грант саны шектеулі. Биыл университетке Nazarbayev University-ге 2409 білім беру гранты бөлінген. Яғни, 10 000 өтініш берушінің ішінен тек 2409 қазақстандық қана грант негізінде оқуға мүмкіндік алады. Осы жылы оқуға деген сұраныстың артуына және мемлекеттік гранттардың шектеулі болуына байланысты университет ақылы бөлімге студенттер тарту бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Университет өкілдерінің пікірінше, оқу орнына Қазақстанда және шетелде қызығушылықтың артуына университеттің әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерінің жақсаруы себеп болған. Халықаралық зерттеу университеттерінің рейтингін анықтайтын Times Higher Education (THE) https://www.timeshighereducation.com/world-university-rankings/nazarbayev-university ұйымның мәліметіне сәйкес, Назарбаев Университеті әлемдегі ең үздік оқу орындарының алғашқы 24%-ына кіреді. Ал NU Жоғары білім беру мектебі Орталық Азиядан алғаш болып әлемнің ең үздік 200 оқу орнының қатарына енген. Осындай жоғары рейтингтің арқасында қазақстандық университетке шетелдіктер де қызығушылық танытып отыр. 44 елден, оның ішінде Қытай, Ресей, АҚШ, Орталық Азия елдері мен Еуропадан жүздеген талапкерден оқуға өтініш келіп түсті.

Сондай-ақ университет инженерлік ғылымдар, жасанды интеллект ғылымы, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар сияқты түрлі салаларды қамтитын заманауи академиялық бағдарламалардың кең спектрін ұсынады. Бұл жаһандық мансапқа ұмтылатын жастардың университетке деген қызығушылығын арттырып отыр.

Университет Қазақстанда білікті, бәсекеге қабілетті кәсіби орта қалыптастыруды жалғастырып жатыр. Назарбаев Университеті түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші – 98%, оның ішінде 92%-ы елімізде жұмыс істейді.

NU-да ақылы негізде оқуға құжаттарды қабылдау https://apply.nu.edu.kz/ әлі де жүріп жатыр. Университетке дейінгі дайындық бағдарламасына (Foundation) және бакалавриатқа 2025 жылдың 12 маусымына дейін, ал магистратура мен докторантураға 2025 жылдың 25 маусымына дейін өтініш беруге болады.

STAN.KZ
Жұма, 23 Мамыр, 2025 10:00
Талқылау