Назарбаев уахабизмді өз мүддесіне пайдаланды – Ермұрат Бәпи Қазақстандағы радикализм туралы айтты
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев билікті сақтап қалу үшін уахабизмді өз мүддесіне пайдаланғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қайрат Сатыбалды Назарбаевтың қолдауынсыз радикализмді таратпас еді. Қоғамда 2000-шы жылдардың басында бұл қозғалыстар Назарбаевпен бірге келді деген пікір бар. Уахабизмде мемлекет басшысына қарсы шықпау керек деген қағида бар және бұл өз мүддесі үшін біздің өкілеттіктеріміз пайдаланды", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекет басшысы, премьер-министр мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына елдегі дәстүрлі діндердің дамуына қатысты депутаттық сауал жолдағаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ