Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Мен үшін екі туған күн бар

Бүгін елордада «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесіп жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаев екі туған күні бар екенін айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

«Бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін өте қуаныштымын. Мен үшін екі туған күн бар.  Біреуі – өзімнің туған күнім, яғни 6 шілде. Екіншісі – 1 желтоқсан. Бұл күні бүкіл халық болып, тұңғыш рет қазақ елі президентті сайлаған кез. Сол сынға  түсіп, тұңғыш рет сол жерде жеңіске ие болып, 90 пайыздан артық халықтың даусын жинадым. Содан бері 26 жыл өтті», — деді Елбасы.

Айта кетсек, «Қазақстанның100 жаңа есімі» жобасы елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. Қазақстанның кез келген азаматы өтініш жіберу арқылы өзінің табысқа жету тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды.

Оқи отырыңыз:

Назарбаевтың жүріп бара жатып сырт киімін шешкен видеосы желідегілерді тәнті етті (видео)

Шетелдік күйеуі қазақстандық әйелден екі баласын тартып алған

Алматы облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Талқылау