Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың жүріп бара жатып сырт киімін шешкен видеосы желідегілерді тәнті етті (видео)

Қазақстан Республикасы президентінің жүріп бара жатып пәлтесін шешкен видеосы YouTube қолданушыларын тәнті етті, – деп хабарлайды Stan.kz.

VistaNews хабарлауынша, бұл жағдай ҰҚК Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммитінде Беларусия президенті Александр Лукашенокмен кездесу алдында орын алған. Нұрсұлтан Назарбаев Беларусия басшысы резиденциясына кіре бере пәлтесін шешіп, шеберлікпен беріп жібереді. Ал жанында тұрғандар сырт киімді бірден қағып ала қойған. Елбасы жанындағыларға назар аудармастан, бірден Лукошенкоға беттейді. Бұл сәт тілшілердің видеокамерасына түсіп қалған.

БАҚ хабарлауынша, Қазақстан президенті мұндай «сиқырды»  бірнеше жыл бұрын да жасаған екен. Ол кезде де желі қолданушылары елбасының ептілігіне тәнті  болған-ды.

Оқи отырыңыз:

Шетелдік күйеуі қазақстандық әйелден екі баласын тартып алған

Алматы облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығарда не білу қажет

Есірткі шегіп алып, адам қағып өлтірген: Қостанайда жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Талқылау