Назарбаев Бишімбаев пен Ыдырысовты отставкаға жіберді
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін күтпеген жерден Ұлттық экономика мен Сыртқы істер министрлерін отставкаға жіберді, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Алайда, бұл орынтақтар көпке дейін бос қалған жоқ. Бүгін премьер-министр Ұлттық экономика министрінің жаңа басшысын таныстырды. Енді бұл ведомстваны 38 жастағы Тимур Сүлейменов басқармақ. Бұған дейін Еуразия экономикалық комиссиясында қаржы саласына жетекшілік еткен Сүлейменов бұдан-былай «Нұрлы жол» бағдарламасына яғни жер бөлу мен арзан баспана салу секілді ауқымды істерге жауапты.
Ал Ұлттық экономика министрлігін бар болғаны 7 ай басқарған Қуандық Бишімбаевтың қандай қызметке тағайындалары белгісіз. Сондай-ақ бүгін соңғы уақытта жиі сыналған Сыртқы Істер министрі де ауысты. Бір –ақ күнде тағынан түскен Ерлан Ыдырысовтың орнына Қайрат Әбдірахманов жайғасты. Дипломатиялық тәжірбиесі өте зор Әбдірахманов бұған дейін Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болған.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды
Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының тілегін орындады
Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты
Мәслихат депутатын соққыға жыққан Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсті