Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Бай адамдарды көпшілік жақтырмайды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі барысында көпшіліктің бай және талантты адамдарға қарым-қатынасы туралы айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

«Сіздердің жолдарыңыз ауыр. Көбісі бай адамдарды жақтырмайды. «Мен де ол сияқты бай боламын» деп еліктеудің орнына оларды жек көреді. Таланттарды қудалайды. Себебі, олар талантымен көзге түсті, басқалардың ортасында ерекшеленді», — дейді Елбасы.

Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарын батырға теңеді.

«Данышпандарды өлтіре салады. Мысалы, Коперникті өртеп жіберді, ал Леонардо да Винчи қудаланды. Сондықтан талантты және данышпан адамдарға жетістікке жету өте қиын. Бір жағынан, сендер енді батырсыңдар», — деді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз:

Президент ұйықтар алдында кімнің музыкасын тыңдайтынын айтты

Назарбаев: Мен үшін екі туған күн бар

Назарбаевтың жүріп бара жатып сырт киімін шешкен видеосы желідегілерді тәнті етті (видео)

Шетелдік күйеуі қазақстандық әйелден екі баласын тартып алған

Талқылау