Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев алғаш рет ел алдына орден тағып шықты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, 28 жыл ішінде еліміз басқа мемлекеттер ғасырлап жететін белестерден асқанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның тұңғыш президенті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыс еткен ордендермен алғаш рет рет ел алдына шықты. 

Назарбаев Халық қаһарманы және Еңбек Ер мемлекеттік ордендерін тағып, Тәуелсіздік мерекесіне орай ұымдастырылған салтанатты шараға келді. Бұл марапаттарды 2019 жылдың 20 наурызында Тоқаев өз қолымен елбасыға табыстаған еді. 

"Астана Опера" театрында өткен салтанатты концертінде Назарбаев қазіргі жас қазақстандықтар  тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқандығын мақтан тұтатынын жеткізді. 

«1991 жылы 16 желтоқсанда арнайы заң қабылдап, бүкіл әлемге Қазақстанның тәуелсіздігін жарияладық. Біз елдігіміздің жаңа дәуірінің негізін қалап, куәгерлері болдық. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындау мәртебесі біздің буынға бұйырғанын мақтан тұтамын», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Мемлекетіміздің басты мерекесініе орай ұйымдастырылған салтанатты концертке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс спикері Нұрлан Нигмататулин, министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин және т.б. тұлғалар қатысты. 



 

 


 

Талқылау