Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Найзағай, дауыл, бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа-райы бұзылады

19 тамызда Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Қатты дауыл соғады: Нұр-Сұлтан мен 4 облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде жел 15-20м/с соғады, кейде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында да күн күркірейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз - 15-20 м/с, тіпті екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

19 тамыз күні Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 18 Тамыз, 2020 15:20
Талқылау