Наурыз мейрамында “Қара жорға” билеген сәйгүліктің видеосы желіні жарды (видео)
Көшетауда Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шарада шабандоздар мінген тұлпарлардың ерекше биі жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Көкшетаудағы орталық алаңда «Қара жорға»биін билеген тұлпарлардың видеосы желіде тарап кетті.
Қызғылдақ аталатын тұлпар мен жаттықтырушысы Рамазан Махатов республикалық ат жарыстарының чемпионы екен. Олар аталған шараға көршілес Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылыпты.
«Біз Қазақстанның көршілес елдерімен бірігіп жұмыс істейміз. Жазда СҚО-да спартакиада өткізіп, сол жерден осы «биші» тұлпарды көрдік. Шараны ұйымдастыру барысында сол тұлпар есімізге түсіп, Рамазанмен хабарластық. Ол Таразға жарысқа барғалы жатыр екен. Мұнан кейін қалада Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылып жатқан шарада өнер көрсетуін сұрадық. Ол келісті. Меніңше, тұлпардың «Қара жорға» билегені өте керемет», – дейді Көкшетауда мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басқарушысы Айгүл Сәбитова.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да бойжеткен қошқарды 29 рет көтеріп жігіттерден озып кетті