Науқас балаларынан шаршаған әйел: Оларға күнделікті тышқанға қарсы дәрі беріп отырған
Ресейдің Свердлов облысының 38 жастағы тұрғыны Малышево Елена Кордюкова екі баласын қасақана өлтіріп, үшіншісін өлтірмекші болды деген күдікке ілінді.
Прокурор әйелді 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығаруды сұрады соттан. Бұл туралы орыс басылымдары хабарлады.
Кордюкова 2015 жылы абақтыға жабылған еді. Дәрігерлер оның 8 жасар баласын тышқан өлтіретін дәріге уланып қалған жерінен, аман алып қалған еді. Анықталғандай, әйел балаға күнделікті аз мөлшерден «Варфарин» дәрісін беріп отырған.
Бұған дейін әйелдің үш баласы қатарынан қайтыс болған еді. Олардың ешқайсысы да үш жасқа дейін өмір сүрген емес. Барлығы да адам өміріне қауіп төндіретін, қан арқылы берілетін («гемолитико-уремический синдром») аурумен ауырған.
Қайтыс болған балалардың қанын тексеру кезінде тышқанға қарсы дәрімен уланғандары анықталған.
Әйел сотта өз кінәсін мойындап, оларды емдетуден шаршағанын айтқан.
Оқи отырыңыз:
Джордж Клуни кино саласынан кететінін айтты
Алғаш рет Apple капитализациясы 1 трлн долларға жуықтады
Сауд Арабиясында алғаш рет ханшайым тұтқынға алынды
Дәрігер сараптама жүргізу үшін 106 науқасты әдейі өлтірген