Мысырға оқуға кетіп, Сириядан бір-ақ шықты: Қазақстандық әйел ұлынан қалай айырылып қалғанын айтты
Сәтбаев қаласының тұрғыны Ботагөз Махатов Сирияда қаза болған ұлы жайлы айтты. Ұлы Сирияда екі жыл бұрын қаза болған.
“Ұлым Сирияда еді. Екі жыл бұрын көз жұмды. Ол жақта келінім мен екі немерем бар. Қазақстандағы 120 ана мүше болған чат бар. Олардың ішінде 10 әйелдің балалары елге оралды”, – дейді әйел СІМ-де өткен брифингіде.
Айтуынша, оның ұлы мен отбасы ешкім жібермеген.
“Оларды ешкім жіберген жоқ. Мүмкін желі арқылы құрығына түсірген шығар. Ұлымның Сирияға кететінін білген жоқпын. Мысырға оқуға кетем деді. Жарты жылдан соң Сирияда болды. 2012 жылы кетті. Ол кезде колледжде 3-курста оқып жүген. Тек намаз оқимын деп сұранды. Бастыпқыда біз қарсы едік. Алдымен мектепті, колледжді бітіріп, әскерге бар дедік. Ақырында намаз оқуына рұқсат бердік. Одан ешқандай ерсі әрекет көрмедік. Досымен бірге Алматыға кетті. Дүкенде жұмыс істеп жүрді. Кейін сол елден бір-ақ шықты. Комитетке хабарласқанымда, олар қандай шара қабылданатынын білмеді. 2016 жылы ұлым қаза болды. Қандай жағдайға қаза болғанын білмеймін. Әйелі ұлымды жерлеу рәсімінің видеосын жіберді”, – дейді көз жасын тоқтата алмаған ана.
Махатова енді Сирияда келіні мен немерелерін қайтаруды қалайды.
“Келінім мен немерелерім елден шыға алмайды. Олардың аймақтан қашып шыққанын, бірақ соғыс жүріп жатқандықтан әлі де шыға алмай жатқанын айтты. Олар жаяу жүр. Қайда барарын білмейді. Ватсап арқылы сөйлесеміз”, – дейді әйел.
Махатова отандастарының балаларын отанға қайтаруға қарсы болмайтынынан үміт етеді.
“Балалардың кінәсі жоқ. Олар ата-анасымен барды. Олар Қазақстан азаматтары, ешкім қарсы болмайтын шығар деп үміттенем. Олар өздерінің адасқандарын түсінді”, – дейді Махатова.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
