Мұсылманның байлықта, дәулетті өмір сүруі сөкеттік пе – ҚМДБ жауап берді

Фото: ЖИ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман адамның зәулім үйде тұрып, шалқып-тасып өмір сүруіне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дін өкілдері ислам байлықтың тек бір топ адамның ғана қолында шоғырлануына қарсы екенін айтады.
“Бұл – әділетсіздік. Алайда дінімізде адамның дәулетті болуы сөкеттік саналмайды. Шариғатқа сай, адамның дүние-мүлкі мен байлығы – оның адал еңбегінің жемісі болса, онда ол азаматтың зәулім үй мен қымбат көлік сатып алуына тыйым салынбаған”, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері.
Бірақ тапқан-таянғанын, байлығын елге көрсетіп, мақтану – мұсылманға жат қылық дейді олар. Нағыз мұсылман мұқтаждарға қол ұшын созып, зекет беріп, қайырымдылықпен айналысуы қажет. Сондай-ақ дін өкілдері байлықтың адамға берілген сынақ екенін ескертеді. Өйткені ертең сол байлығы мен дәулеті үшін міндетті түрде жауап береді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген