Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұсылман бойынан табылуы тиіс 7 қасиетті халыққа түсіндіреміз". Ершат Оңғаров «Халық арна» телеарнасының жұмысы жайлы айтты

ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық арна» телеарнасының жұмысына қатысты өткен онлайн брифингте арнаның жұмысы мен мазмұны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ершат Оңғаровтың айтуынша, «Халық арна» 2020 жылдың 3 қарашасында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мүфтияттың 30 жылдығы қарсаңында ашылған. Оның өзіндік мәні де бар көрінеді.

"Діни басқарманың төл арнасын ашу жыл басынан қолға алынып келе жатқан іс. Осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылды. «Халық арнаның» мүфтияттың 30 жылдығы қарсаңында ашылуының өзіндік мәні бар. Қазір мүфтияттың медиа саласындағы әлеуеті жылдан-жылға жетіліп келеді. 30 жыл мерзім ішінде «Иман» журналы және «Мұнара» газеті оқырманға жол тартты. Бүгінде ҚМДБ қарасты 21 сайт жұмыс істейді. Бұдан бөлек, мүфтияттың жанынан ашылған «Хикмет» телерадиостудиясы бар. Діни, рухани бағыттағы аудио, видео өнімдерін жамағатқа он жылдан бері ұсынып келеді, - деді ол.

Ершат Оңғаров «Халық арна» телеарнасының жеке ғимарат, материалдық-техникалық қажеттіліктермен жабдықталғанын атап өтті. Арна «Отау тв», «ID TV» цифрлық арнасы арқылы елдің түкпір-түкпіріне таратылады.

Оның айтуынша, арна тек діни мазмұндағы телебағдарламалармен шектелмейді.


Әдейі жыныстық қатынасқа түскен: БҚО-да 15 жастағы қыз жасырын түрде мұсылманша некесін қидырған 


"Біз эфир бағытын ислам дінінің дұрыс танымын жеткізу, асыл құндылықтарын дәріптеумен қатар, тарихи тағылымдық жағына, қазақы салт-дәстүрге басымдық береміз. Эфирді сапалы контентпен толтыру оңай емес екені мәлім. Сол үшін арнайы жобалар мен талғампаз көрерменнің ойынан шығатын бағдарламалар дайындалып жатыр, - деді ол.

Айтуынша, ҚМДБ тұғырнамасы ислам дінінің негіздері, шариғат шарттары және мінез-құлыққа қатысты үш үлкен бөлікті қамтиды.

"ҚМДБ осы күнге дейін үш рет имамдар форумын өткізді. Осы форумда діни басқарманың жұмысына қажетті концептуалдық құжаттар қабылдады. Соған тоқталар болсам, бірінші  ҚМДБ тұғырнамасы қабылданған болатын. Ол ислам дінінің негіздері, шариғат шарттары және мінез-құлыққа қатысты үш үлкен бөлікті қамтыды.

ҚМДБ төрағасының орынбасары «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы»  аталатын құжат жайлы да атап өтті. 

«Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумының аясында ҚМДБ ұйымдастырушылық-идеологиялық қызметіне жаңа серпін беретін бірқатар маңызы бар тұжырымдамалық құжат қабылданды, дейді ол.

 "«Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы»  - мұсылманның бойынан табылуы керек барлық игі қасиеттердің барлығын қамтиды, - деді ол.

Ершат Оңғаров құжат шеңберінде иманды, отаншыл, білімді, ауызбіршілік, еңбекқор, мәдениетті, әділдік сынды қасиетті 7 ұғымды халыққа кеңінен түсіндіру қарастырылғанын жеткізді.

Адамды кемелдікке жетелейтін осындай қасиеттер қазіргі қоғамда аса қажет. Дін мен руханият құстың қос қанатындай адамға аса қажет элемент болғандықтан, ҚМДБ-ның осы салада жұмыс атқаратын қызметкерлеріне аса керек және осы қасиеттер бойынан табылса, біз қоғамға ауызбіршілікті, ынтымақты, еңбекқорлыққа баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерді сіңіре аламыз деп сенеміз, - деді ол.

STAN.KZ
Жексенбі, 08 Қараша, 2020 12:05
Талқылау