Мұхтар Әблязовтың ұлы "алтын виза" алғаны үшін дау астында қалды
Ұлыбританияда алтын визаларға қатысты дау өрбіп жатыр. Мұндай визаны алғаны үшін сынның астында қалған адамдардың қатарында Мұхтар Әблязовтың ұлы бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Британиялық The Sunday Times және "Четвертый канал" ("Төртінші арна") алтын визаларды негізге алып журналистік зерттеу жүргізді. Ауқатты шенеуніктер өздеріне тиесілі дәулет көзі қайдан келетінін толығымен ашып айтпай, Ұлыбританияның төлқұжатын ала алады екен. Олар өздері жайлы ақпараттың бір бөлігін британиялық биліктен жасырады. Бұл зерттеу нәтижесінде анықталған ақпарат, деп жазады Forbes.
Мұндай шешімге тілшілер үш айға созылған зерттеуден кейін келген. 22 шілдеде осы зерттеу жайлы деректі фильм көрермен назарына жол тартпақ. Өмір жолы мінсіз деуге келмейтін тұлғаларға британиялық "алтын визаны" инвестициялық визаларды алу туралы кеңес беретін компанияның дәнекершісі алып береді екен. Олар The Sunday басылымына батыстық санкцияларға түсіп қалған, Иран, Ирактан келген миллионерлерге, кәсіпкерлерге көмектескенін айтты.
The Sunday Times басылымы "алтын визаға" қол жеткізгендердің қатарында кезінде Кеңес Үкіметінің қоластына кірген елдердің азаматтары бар екенін жазды. Олардың қатарына талап қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың ұлы Мадияр Әблязов та кірген.
"27 жастағы қазақстандық әкесі Мұхтар Әблязов берген ақшаға 2008 жылы студенттік шағында инвесторлық визаны төлеген. Әблязов өзіне қарсы тағылған айыптың саяси шиеленіс тудырту үшін жасалғанын айтып отыр", — деп жазылған газетте. Сонымен қатар, басылымда Мұхтар Әблязовтың қуғынға ұшыраған саясаткер екені де айтылған.
2017 жылдың шілде айында The Guardian басылымы Мадияр Әблязовтың 2013 жылы инвесторлық визаға өтініш білдіріп, Ұлыбританияда тұруға ықтиярхат алғанын жазды. Осыдан кейін әкесі оның атына швейцариялық банкке бір миллион фунт стерлингтен асатын қаражат аударған.
2019 жылдың 20 шілдесінде қауым Палатасының депутаты Маргарет Ходж виза беруден бас тартуды ұсынды. "Біз елге арам жолмен келген ақшаны құшақ жая кіргізіп жатырмыз. Біз ешқашан британиялық экономиканы мұның көмегімен құрмаймыз", — деді ол.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
