Мұхаммед Әлидің немересі екінші жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Мұхаммед Әлидің немересі, америкалық орта салмақ боксшысы Нико Әли Уолш (2-0, 2 КО) кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Алтантада өткен бокс кеші аясында Уолш 36 жастағы отандасы Джеймс Уэстлиді (1-1, 0 КО) жеңді. Уолш екінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға жіберген. Ал үшінші раундтың басында Уэстлидің жаттықтырушылары жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.
Осылайша Нико Әли Уолш өз рекордын жаңартып, екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады. Алғашқы кездесуінде Нико 70 секундта жеңіске жеткен болатын.
Мұхаммед Әли – спорт тарихындағы ең танымал боксшылардың бірі. Ол ауыр салмақта абсолютті чемпион атағын бірнеше жыл ұстап тұрған. 1960 жылы өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңген. Түрлі басылымдар Әлиді ғасыр спортшысы деп атаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”