Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ жұмысқа жібермейді - білім министрі

Бүгін Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кездесіп, білім саласына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мұғалім

Сенаттың баспасөз қызметінің айтуынша, С.Еңсегенов білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерді көтерді. Депутат пен министр қашықтан оқуға дайындқты, мектеп директорларын ротациялау арқылы тағайындау, жалақыны арттыру және мемлекеттік сатып алуға құжаттарды дайындау бойынша мұғалімдерге түсетін жүктемені алып тастау мәселелерін көтерді.

Асхат Аймағамбетов заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жобасы дайындалғанын, ол қазірдің өзінде парламентке жіберілгенін және бұл айтылған мәселелерді шешуге ықпал ететіндігін айтты.

Сонымен қатар, депутат мектеп психологтарының жұмысына қатысты мәселелер туралы сөз қозғады.

 А.Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" жаңа заң мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермейтінін айтып, С.Еңсегенов сөз еткен мәселелердің барлығы министрліктің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.
 

STAN.KZ
Сенбі, 22 Тамыз, 2020 16:31
Талқылау