Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Әбенов: Пəтер иесінің мұрты да қисаймайды, сорлайтын жалдаған азамат

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов тіркеуде тұрмаған азаматтарға айыппұл салу туралы жаңа талапқа наразылық білдірді.

67B5B108-25E6-42FF-A839-2A79DC494E8B_mw800

Ол мыңдаған адамның Астанада пəтерде тіркеусіз тұратынын, олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де көп екенін айтты.

«Енді қалай? Тіркелсе, төлем қымбаттайды. Себебі салық көбейеді. Пəтер иесі өз қалтасынан оны төлемейді. Салмақ жалдаған азаматқа түседі. Оған жұмысында ақша қоса ма? Тіркелмей тұрса – заң бұзғаны. Ол кезде қызметтік этикаға қарама-қайшылық үшін қызметтен шығара ма? Онда жұмыста кім қалады? Осыны ойлағандар бар ма?», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Мұрат Әбенов бұл талапты қайта қарау керегін алға тартты.

«Автокреслоға қатысты талаптар да кейінге қалдырылды ғой», – дейді ол.

Бүған дейін тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 қаңтардан бастап айыппұл салынатынын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Уақытша тіркеу деген не және ол үшін қандай құжаттар керек?

Елімізде үй иелері жалға алушыларды баспанасына тіркеуі шарт

«Бір шәугім шай» немесе «күлің шашылмасын» сөздерінің мәнісі қандай

2017 жылы Қазақстанда көлік бағасы қалай болмақ

 

 

Талқылау