2017 жылы Қазақстанда көлік бағасы қалай болмақ

Сәрсенбі, 4 Қаңтар , 2017 12:03

Биылғы жылы автомобиль бағасы өткен жылғы деңгейде сақталатын болады. Бұл жайында ҚазАқпарат Қазақстандық автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап хабарлайды.

20170104110313

Мәліметке сүйенсек, алдағы үш жылдың ішінде жаңа автомобильдерді сату үлесі артады. Халықаралық ұйымдардың болжамына сәйкес мұндай жайт мұнай бағасы өскенде, валюта бағамында айтарлықтай өзгерістер болмағанда және басқа да бірқатар маңызды факторларға байланысты болады.

«2017 жылдың базалық трендтері: сатылым құрылымындағы қазақстандық машиналардың өсімі болады; баға 2016 жылғы деңгейде сақталады; жол талғамайтын көліктердің танымалдығы артады; отандық өндірушілер шығарған машинаға қарағанда импорт автомобильдердің бағасы негізінен теңге бағамына тәуелді болады», – делінген хабарламада.

2016 жылы импорт көліктердің бағасы 4 миллионнан 7,2 миллион теңгеге дейін, ал отандық көліктер 4,3-тен 5,3 миллион теңгеге дейін қымбаттады.

«Жаңа және қолданыстағы көліктер нарығы ағымдағы көрсеткішті сақтайды. Өйткені, көліктің арзандауы әзірше байқалмайды. Қазақстанда жасалған жаңа машиналардың құнын арзандату үшін оқшаулану деңгейін арттыру қажет. Бұған қоса, нарықтың басым бөлігін импорт құрап отыр. Себебі, бағам тұрақтады және нарықта айтарлықтай ауытқу байқалмайды. Демек, ағымдағы жылы автомобильдердің бағасы өткен жылғы деңгейде күтілуде», – делінген  ақпаратта.

Қауымдастық мәліметінше, ағымдағы жылы жол талғамайтын көліктер сатылымы арта түседі. Ресми сатылым құрылымында Toyota LC Prado, Toyota LC200, Toyota RAV4, KIA Sportage, Nissan Qashqai, Hyundai Santa Fe, JAC S3 сынды жол талғамайтын көліктер үлесі артқан. Toyota автомобилі сатылымының артуына 4 пайызбен жеңілдетілген несие беру бағдарламасы өз септігін тигізіп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

2017 жылы АЕК көрсеткіші және минималды зейнетақы мөлшері қанша болады?

Ұлттық Банк 1000 теңгелік купюраның пайдалану мерзімін ұзартты

Қазақстанда ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы 16 қаңтарда іске қосылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.02.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар