Ұлттық Банк 1000 теңгелік купюраның пайдалану мерзімін ұзартты

Сенбі, 31 Желтоқсан , 2016 13:09

Ұлттық Банк 2006 және 2014 жылы шыққан 1000 теңгелік қағаз ақшаның пайдалану мерзімін 2017 жылдың 1 наурызына дейін ұзартты.

тенге1000-3112

Көрсетілген мерзімге дейін аталған банкноттар Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төлем жүйесі мен банк жүйесіндегі операцияларда заңды түрде еш шектеусіз қолданылады.

тенге1000-3112-2

2006 жылғы 1000 теңгелікті Ұлттық Банктың кез-келген филиалынан оның жарамды мерзімін күтпестен ауыстыра беруге болады.

“Сосын 12 ай ішінде – 2017 жылдың 1 наурызынан 2018 жылдың 28 ақпанына дейін аталған купюраны кез-келген екінші деңгейлік банктен ауыстыра алады. ҚР Ұлттын Банкының кез-келген филиалынан 1000 теңгелікті 2021 жылдың 28 ақпанына дейін қабылдайды”, – деп хабарлады Ұлттын Банк.

Банк филиалдары аталған банкнотты ешқандай комиссиясыз ауыстырып береді.

тенге1000-3112-3

Бұл ретте Ұлттық банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1 000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды.

Оқи отырыңыз:

Ұлттық банк ұйымдастырған салтанатты ұжымдық кеш қазақстандықтарды ашуландырды (фото)

2017 жылы теңге бағамы қандай болады?

Келесі жылдан бастап ауылдықтар 16 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады

Халықтың зейнетақы жинақтау қорындағы қаржысы ұрланды деген ақпарат тарады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар