Келесі жылдан бастап ауылдықтар 16 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады  

Сенбі, 24 Желтоқсан , 2016 9:15

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл тұрғындары мен кооперативтер жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі мүмкін.

a77f3195cd41038318447dcfc8c

Мемлекет осы бағытқа 27 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайлы Baq.kz тілшісі.

«Ауыл тұрғындарына несие беру мәселесіне тоқталайық. Бұл жұмыс 2017 жылдан бастап министрліктің тікелей бақылауымен жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, ауылдағы жеке кәсіпкерлерге, бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге шағын несие беріледі. Несиенің көлемі – 16 млн теңге. Несие белгілі бір өнімді өндіргені үшін беріледі. Пайыздық үстемесі – 6%. Шаруа несиені 7 жылдың ішінде қайтаруы керек», – деді департамент директоры.

Сонымен қатар, Еркебұлан Ахметов шаруаларға берілетін несиенің уақыты неге ұзартылғандығын түсіндіруге тырысты.

«Бұрын шаруалар 3 млн теңгені 5 жылға алатын. Неге несиенің уақытын ұзарттық? Көп жағдайда жаңадан құрылған кооперативтер мал шаруашылығымен айналысады. Яғни жеңілдетілген несиенің 80%-ын осы саланың өкілдері алып отыр. Сондықтан, мамандар осы жағдайды ескере келе, несиенің мерзімін ұзартуды жөн санады. Жалпы тауар өзін-өзі ақтаған кезі болады ғой. Осы жағдайды ескердік. Ол үшін 5 жыл тым аз. Соған байланысты несиені 7 жылға ұзарттық», – деді ол.

Департамент басшысы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, өңірлердегі кооперативтердің жұмысын жандандыру мақсатында мемлекеттен қомақты қаржы бөлінетіндігін атап өтті.

«Енді несиенің көлеміне тоқталайық. 2017 жылы ауылдағы кооперативтерге, жеке кәсібін ашқысы келетін ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие түрінде 27 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Арнайы критерий жоқ. Яғни ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азамат өз бағын сынап көре алады», – деді ол.

Сондай-ақ, АӨК-ті дамытуды көздейтін мемлекеттік бағдарлама бойынша шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің көлемі де қысқартылады.

«2017 жылы шаруаларға берілетін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің көлемі 7,4%-дан 3%-ға дейін төмендейді. Мемлекет жыл сайын осы бағытқа 64 млрд теңге бөледі», – деді Ахметов.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Anonymous says:

    87787040996

  • Anonymous says:

    Салеметсыздер ма.Жукты болган жагдайда бул несиены алуга болама?отыныш жауап берыныздершы.

  • Anonymous says:

    Кимге калай жолыгамыз болмаса телефон номерлерин жазып коймама звандап сурайтын билип жатсындар мына номерге звандап айтындаршы 87026791681

  • Anonymous says:

    Менде озимди жұмыспен қамту ушин калаладагы уймди кепілге қойып несие алуға болама мал бордақылау кешенімен айналысуга брак та менин мойнымда шамалы отелмей қалған несием бар брак шетинен азайттым аз қалды
    Осындай жағдаймен алган адамдар барма

  • Anonymous says:

    телевизорда аитты рас болғай

  • Anonymous says:

    Саламатсыздарма бул несиени калай аламыз,кайжактан дайындаймыз документи, кайда откиземиз. Залог койамызба? Жолдарын айсаныздар.

  • Anonymous says:

    Алу ушин кандай кужаттар керек

  • Anonymous says:

    Кашаннан бастап бериледи ози

  • Анонимно says:

    Бұл несиени қалай аламыз енді, қайда барамыз, кім түсіндіреді

  • Нуркен says:

    Бизге ауылга жетпейтин акша гой ол.
    Журмиз гой ала алмай.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар