2017 жылы теңге бағамы қандай болады?

Сейсенбі, 27 Желтоқсан , 2016 21:48

Теңге келер жылы тағы нығая түседі. Төл ақшамыздың тағдырына қатысты өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар алда қаржы нарығында «бозторғай жұмыртқалаған» заман орнайды деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

photo_112469

Ал қор биржасында қазір үстемдік орнатып тұрған доллар, керісінше, әлсірей түседі екен. Мұны сарапшылар соңғы айларда айтарлықтай көтерілген мұнай бағасымен байланыстырды. Егер осы өсім жалғаса беретін болса, келер жылы теңгенің долларға шаққандағы бағамы 300-ге дейін төмендеуі мүмкін.

Десе де, бұл ретте сарапшылардың пікірі қақ бөлінген. Мәселен, қаржыгер-экономист Айдархан Құсайынов теңгенің нығаюына ешқандай себеп көрмей отыр. Айтуынша, азаматтардың ай сайынғы табысы айтарлықтай азайған. Ал азық-түлік пен киім-кешек, күнделікті тұтынатын тауар, керісінше, өсуде. Отандық өндіріс болса, құны аспандаған шетелдік тауардың орнын әзірге жаба алар емес. Сол себепті, 2017 жылы теңге бүгінгі бағамын ешқайда бұрмайды дейді.

“Долларға қатысты теңге бағамы 330-350 аралығында болады деп есептеймін. Валютамыз әлі ұзақ уақыт осы деңгейде болады. Теңгенің құны келесі жылы көтеріле қояды деп айту қиын, өйткені өндіріс қуаты тым әлсіз. Халықты отандық тауармен толық қамти алмай жатырмыз”, – деді экономист Айдархан Құсайынов.

Оқи отырыңыз:

Келесі жылдан бастап ауылдықтар 16 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады

Халықтың зейнетақы жинақтау қорындағы қаржысы ұрланды деген ақпарат тарады

“Эйр Астана” 2017 жылы билет бағасын арзандатады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Келісемін. Тұтыну тауарлары, коммуналдық қызметтер күнделікті өсуде. Ал айлық болса өзгеріссіз

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар