Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Сахнада 13 жыл жүрсем де, өзгелер сияқты 300 ән жазбаппын

Алдағы аптада Мөлдір Әуелбекованың тұңғышы Салтайға арнап түсірген бейнебаяны жарық көреді. “Балапаным” әні – Мөлдірдің декреттік демалыстан шыққаннан кейін жаздырған алғашқы әні екен. Қазіргі уақытта әнші қатарынан бірнеше ән жаздырып, алғашқы үнтаспасын шығаруға дайындалып жүр.

18888340_1604718989538133_2293535415354785792_n

Әнші “Қазақстан” арнасының “Таңшолпан” бағдарламасына қатысып, соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

“Менің репертуарымда патриоттық әндер өте көп. Ізбасар деген інім бар. Сол інім тапсырыспен «Сен қазақ, мен қазақ, ол қазақ» деген тамаша ән жазып берді. Қазір өңделу үстінде. Осы ЭКСПО-ға арналып жазылған. ЭКСПО-ның көптеген концерттерінің бірінде орындалады деп үміттенемін. Одан бөлек те көптеген әндер жазылып жатыр. Өйткені мен екі жыл бұрын алғашқы үнтаспамды шығарамын деп жоспарлаған болатынмын.

Одан кейін тұрмысқа шықтым, декреттік демалысқа кеттім. Содан кейін шегеріліп қалды. Енді қайтадан қолға алып жатырмын”, – дейді әнші.

Әуелбекованың айтуынша, осы уақытқа дейін жаздырған авторлық әндері бір үнтаспаны толтыруға жетпепті.

“Авторлық әндер жеткіліксіз болып тұр. Енді сараптап, сапасы жақсы әндерді ғана, авторлық әндерді ғана кіргізу керек деп ойлаймын. Сахнада жүргеніме 13 жылдан асса да, өзге әншілердегідей 200-300 әнім жоқ екен. Санаулы ғана”, – деп ағынан жарылды әнші.

Бұдан өзге, Мөлдір телевизия және кино саласына қайтып келетінін мәлімдеді.

“Алайда қазір ұлым небәрі 6 айлық. Көп уақытымды соған арнағым келеді. Бірақ барлығы болашақтың еншісінде”, – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Музыкалық білімі жоқ өнер иелері кімдер? (фото)

Айнұр Тұрсынбаева Қарақаттың қызының “жасауын” әзірлеп берді

Омырауын ашып, қысқа көйлек киген Жәния Джуринская жанкүйерлерін шошытты (фото)

Малақай мен домбыра: Қазақстанда Джеки Чанға не сыйлады? (видео)

Талқылау