Мобилизация жариялаған күннен бері Ресейден Қазақстанға кіретін жеңіл көліктердің саны 20%-ға өскен
21 қыркүйектен бері қарай Ресейден Қазақстанға кіретін жеңіл көліктердің саны бірден 20%-ға артқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Дереккөз: Эхо Кавказа
Жұма күнгі ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына тасымалданған автокөліктер саны 20%-ға өскен.
"Қазақстандағы кіре берістегі Ресеймен арадағы шекараның кейбір учаскелерінде көліктердің жинақталуы байқалады", – делінген мәліметте.
- "Путинге өлім": Ресейде мобилизацияға қарсы жаппай митингтер өтуде
- "Қайта қашуға мәжбүр болдық": Соғыстан бас сауғалаған Ресей азаматы Қазақстанға қалай келгенін айтып берді
Келушілердің көпшілігі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады, дейді кірістер комитеті.
Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Ресей президенті Владимир Путин елде жартылай мобилизация жариялағаннан кейін, Қазақстанға келуге ниет білдірген Ресей азаматтарының легі күрт артқан. 23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанға 1,6 миллионнан астам Ресей азаматы келген.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады