Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Семей ханымы - 2019" байқауының жеңімпазы әкімдікте бөлім бастығы болды

Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын уақытша "Миссис Семей-2019" байқауының басқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Arnapress өңірлік басылымына сілтеме жасап.

Диана Шаяхметова 25 қаңтардан бастап Семей қаласының ТКШ бөлімінің басшысы қызметін атқарады, екі жыл бұрын ол "Миссис Семей-2019" байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұған дейін ол осы бөлім басшысының орынбасары болған.

Жаңа басшы 34 жаста, төрт баланың анасы екені белгілі.



Бөлімнің бұрынғы басшысы Амантай Өтелбаев қызметінен босатылған, не себепті мұндай шешім қабылданғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 25 қаңтарда Семей әкімі ауысты. Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Нұрымбет Сақтағанов жаңа әкім болды

Ахметов бұрынғы әкім Ермак Сәлімовке жұмысы үшін алғыс айтып, одан әрі облыс әкімінің тұрғын үй-құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болатынын атап өтті.

Талқылау