Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның тумасы АҚШ-та басшылық қызметке тағайындалды

Қазақстанның тумасы Әсел Робертс (қыз кезінде - Төленова) АҚШ президенті протоколы бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әсел Төленова 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Кейінірек 1993 жылы ол Джорджтаун университетінің Эдмунд Уолш атындағы Сыртқы қызмет мектебін халықаралық құқық және халықаралық ұйымдар саласындағы ғылым бакалавры дәрежесімен бітірді. 

Әсел Робертс 2021 жылғы 20 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Протокол бөлімінің бастығы кеңсесінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ведомстводағы аға кеңесші қызметін атқарған.



АҚШ президенті протоколы бастығының міндетін атқарушы-ұлттық және халықаралық дипломатиялық хаттама мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкер. 

АҚШ мемлекеттік департаментінің протокол бөлімі дипломатиялық қол сұғылмаушылық пен артықшылықтар, қабылдаушы елдің қауіпсіздігі, әуе кеңістігін дипломатиялық пайдалану туралы шешімдер қабылдайды және ресми этикетті сақтайды. Бөлім сонымен қатар екіжақты және көпжақты кездесулерді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі сапарларды жоспарлау кезінде үкіметтер арасындағы алғашқы байланыс қызметін атқарады.

Айта кетейік, Әсел АҚШ азаматы Шон Робертске тұрмысқа шыққанына 20 жыл болды, олар Айдин есімді қыз тәрбиелеп отыр. 

Талқылау