Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысыр Салахтың екі голының арқасында футболдан әлем чемпионатына жолдама алды

Мысыр футболдан әлем чемпионатында

Фото: Мұхаммед Салах парақшасынан

Мысыр футбол құрамасы қонақ болған Джибути командасын 3:0 есебімен жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Команданың басты жұлдызы, "Ливерпуль" ойыншысы Мұхаммед Салах екі гол соғып, жеңіске үлкен үлес қосты. Ал алғашқы голды БАӘ-нің "Аль-Джазира" клубында ойнайтын Ибрахим Адель соқты.

Мысыр – Африка чемпионатын жеті рет ұтқан команда. Бұл ел тарихта төртінші рет әлем чемпионатына қатыспақ. Алғаш рет Мысыр 1934 жылы, одан кейін 1990 жылы, 2018 жылы ойнаған. Бірақ сол турнирлерде плей-офф кезеңіне өте алмаған.

2026 жылғы әлем чемпионатына Африка құрлығынан 9 команда тікелей жолдама алады. Әзірге Мысыр, Марокко және Тунис жолдама алып үлгерді. Қалған алты команда 15 қазанға дейін анықталады. Сонымен қатар әр топта екінші орын алған 4 үздік команда плей-оффта ойнап, тағы бір жолдаманы сарапқа салады.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл турнирге алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады.

Жолдамалар саны құрлықтар бойынша былай бөлінген:

  1. Еуропа – 16 команда
  2. Африка – 9,5
  3. Азия – 8,5
  4. Оңтүстік Америка – 6,5
  5. Солтүстік және Орталық Америка – 6,5
  6. Мұхит елдері – 1,5
  7. 0,5 орын – бұл құрлықаралық плей-офф матчтарына қатысу мүмкіндігін білдіреді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 12:17
Талқылау