Қазақстан U-19 құрамасы Таразды ірі есеппен ойсырата жеңді

Фото:Kff.jastar
Қазақстан ұлттық құрамасының 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Шымкентті оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Аталмыш жиын барысында “Тараз” құрамасына қарсы жолдастық матч өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойынның нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 6:1 есебімен “Тараз” командасын ойсырата жеңді. Бұл – құраманың оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық ойыны. Осылайша Кирилл Кекердің шәкірттері өзінің мықтылығын тағы да бір рет дәлелдеді.
Енді Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 10 қазан күні “Оңтүстік академиясына” қорсы матч өткізеді. Ал финалдық ойында 12 қазан күні шымкенттің “Ордабасы” командасымен жүздеседі.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"

