AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік еліміздегі жол жағдайы нашар өңірлерді атады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол жағдайы нашар өңірлерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Тізімде көшті Шымкент, Маңғыстау облысы, Алматы, еліміздің шығыс және батыс облыстары, сондай-ақ Түркістан қаласы бастады. Мұнда жолдардың 70 пайызы тиісті стандартқа сай емес.

Бірақ, ескертулерге қарамастан, тұтынушылар нысандарды пайдалануға қабылдауды жалғастыруда.

Министрлік кепілдік мерзімінде орын алған ақаулар үшін ұйымдардың жауапкершілігін күшейтіп, "кілтті" келісім-шарт жүйесін енгізуді көздеп отыр.



“Егер біз мұның бәрін бір қатысушыға кілтті келісімшарт негізінде тапсырсақ, онда ол жолды кейіннен нормативтік тәртіпте ұстау, жоғары сапалы материалдарды пайдалану, жаңа технологияларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету шығындарын азайту үшін дұрыс дизайнға қызығушылық танытады”,- деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов.

Талқылау
Пікір
Сауле
02 Там, 22 жыл - 21:49

Құрметті жол жайында жазған министрлік ең нашар жол жол жоқ деуге болады Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде орналасқан. Министр мырза аспанмен емес джип машинамен емес қарапайым халық жүретін седанды тақымыңызға басып Қарағанды-Қарқаралы-Бүркітті-Бақты-Томар-Татан жолымен журіп көріңіздер.30-40 жыл  Союз құрамында 30 жыл тәуелсіздік алғаннан бері қарай Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бойынша алтын мыс темір тағы басқа қазба байлықтарды  алып жатыр ауданның әлеуметтік жағдайы өте нашар.Жол туралы айту тіпті жол деуге аузың бармайды.Сол 70 жылда жолды алтынмен аптап темірмен күптеуге болатын еді.Бірақ қазба байлық халық игілігіне емес алпауыттарды  жемқорларды тойдырумен келеді.Қашан қарапайым халыққа ең құрымаса дұрыс жол таза ауыз су келеді.Жаңа Қазақстан деген аты ғана баяғы жартас бір жартас.Сол жемқор мекендеген Қазақстан! 

Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр