Министрлік әуе бортын жіберді: Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың денесі өз аймақтарына жеткізіледі
Фото: ІІМ
Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың денесін өз өңірлеріне Ұлттық ұланның авиациялық борты жеткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары әуе бортымен ұшып, марқұмдардың денелерін сәйкестендіріп, басқа қажет рәсімдерді өткізеді.
“Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Қаза тапқандардың ішінде Қарағанды облысынан бес әйел және бір Астана қаласының тұрғыны бар. Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын жедел шешу мақсатында ұйымдастырылды”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Бекет ата қорымын аралауға бара жатқан жолда жол апатына түсіп, зардап шеккен үш жолаушы Жаңаөзендегі көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 61 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 58 жастағы тағы бір әйел травматологиялық бөлімде ем алып жатыр. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр.
Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі полицей қаза тапты
Абай облысында жүргізуші аулада ойнап отырған бір топ баланы қағып кетті: Үш бүлдіршін мерт болды
Қазір дәрігерлер қажет ем-шараларды жасап, науқастардың жағдайын бақылауға алды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жол апаты болып, 10 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

"30 мың теңгеге азық-түлік аламын", "ажырасқандар салық төлесін": Көпшіліктің сынына ұшыраған депутат Ардақ Назаровтың даулы мәлімдемелері
