Министрлер депутаттармен видеобайланысқа шықты: Сенаттың жұмыс тәртібі өзгертілді

Қазақстан үкіметінің өкілдері кезекті отырысқа бейнебайланыс арқылы қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сенат

Сенат спикері Дариға Назарбаева коронавирусқа байланысты палатаның жұмыс тәртібі өзгертілгенін мәлім етті. 

"Қауіпсіздік мақсатында сенат өткізу тәртібі өзгертілді. Заңнамалық жобалар палата отырсы кезніде талқыланады, ал баяндамалар мен сұрақтарға жауап видеобайланыс арқылы жүзеге асырылады", - деді Назарбаева. 

9 сәуірдегі жиналысқа 49 сенатордың 45-і қатысуда. 

Отырыста сегіз заң жобасы талқыланбақ. Палатаның министрлер кабинетінен ҚР-дың бірінші вице-премьер - қаржы министрі Әлихан Смайылов, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, еңбек министрі Біржан Нұрымбетов және Ұлттық банк өкілдері жиналысқа қатысуда. 

Атап кетерлік жайт, депутаттардың парламент ғимаратында тек пленарлық отырыс кезінде және заң жобаларын талқыға салатын кезде жүруіне рұқсат берілген. Қалған кезде олар қашықтықтан жұмыс істейді. Ал 65 жастан асқа мәжілісмендерге карантин кезінде жұмыс істемей тұра тұруға кеңес беріліпті. 

 

 



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр