Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеуге шақырды: Трафикті қалай көп жұмсамауға болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысынан кейін мобильді трафиктерді үнемдеу керегін айтты. Айтуынша, мүмкіндік болған кезде WI-FI-ға қосылған жөн. Stan.kz ақпарат агенттігі мобильді трафикті үнемдеудің бірнеше тәсілін ұсынады.

телефон

Мобильді интернетті үнемдеу үшін телефондағы кейбір өңдеу батырмаларын өзгертіп, тексеру керек. Интернет аз кетуі үшін телефонда жасалатын бірнеше әдіс бар. 

1.Трафиктің тұтынылуын бақылаңыз және шектеңіз.

Мобильді трафикті үнемдеу үшін оны не нәрсе үшін көбірек қолданатыныңызды, маңыздысы/маңызды емесін анықтау керек. Кей қосымшаларға шектеу енгізген жөн. 

Android-та "Мобильді желілер" немесе "Қосылу және бөлісу" ұяшығы арқылы тізіммен көрсетілген  статистиканы көрсе болады.

IOS жүйесінде Параметрлер мәзіріне өтіп, сирек қолданылатын қосымшаларды ұялы деректерден өшіресіз. 

IPhone-да "Деректерді үнемдеу" мүмкіндігі бар. Ол қазіргі уақытта жабық бағдарламалар үшін деректерді беруді шектейді, фондық жаңартуға тыйым салады, жүйе жаңартуларын автоматты түрде жүктеуді және сақтық көшірмелерді жасауды тоқтатады.

2. Фондық автоматты жаңартуды өшіріңіз.

Автожаңарулар трафикті айтарлықтай жұмсайды. 

IOS жүйесінде Параметрлер → Жалпы → Мазмұнды жаңарту тармағына өту керек. Мобильді желі арқылы жаңарту жасауға мүлдем тыйым салуға болады. Android жүйесінде "деректерді беру" тармағымен фондық режимді өшіруге болады.

3. Деректерді Wi-Fi арқылы жүктеңіз.

Кейбір қосымшалар офлайн режимінде жұмыс істей алады. Мысалы, Yandex, 2GIS және Google Maps карталары үшін деректерді жүктеп, оларды желіге қосылмай-ақ пайдалану керек.

4. Мобильді трафикті өшіріңіз.

Интернетті мүлдем пайдалануды жоспарламасаңыз, сөндіріп жүрген жөн. 

5. Бейне және аудио сапасын төмендетіңіз.

6. Хабарландыруларды алып тастаңыз .
Хабарландырулар мобильді трафикті көп құртады, батарея қуатын азайтады және жұмыс кезінде алаңдатады. Оларды iOS жүйесінде өшіру үшін Параметрлер → хабарландырулар тармағына өту қажет. 

Android жүйесінде "Параметрлер" тармағын ашып, "барлық қолданбалар" немесе "қолданбалар менеджері"бөліміне өтеді.

Маңызды қолданбалар үшін хабарландыруларды өшіру қауіпті болуы мүмкін. Тек сирек қолданылатын бағдарламалар үшін бұл әдісті қолдануға болады.

Бұған дейін министр Бағдат Мусин қазақстандықтарды мобильдік тарифті үнемдеуге шақырғаны хабарланды. 

Талқылау