Министр: Әрбір үй жедел интернетпен қамтамасыз етіледі деп айта алмаймын
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы әрбір үйге талшықты-оптикалық интернет жүргізуге миллиардтаған доллар инвестиция қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің халыққа есеп беруі кезінде Түркістан облысының тұрғыны сауал қойды.
"Бұл өзекті мәселе. Біз аумағы үлкен елміз. Мұндай елдерде интернетті оптикалық арналар (бүгінгі таңда желіде ақпарат берудің ең жылдам технологиясы -авт.) арқылы қамтамасыз ету өте қиын. Біз әртүрлі технологиялардың бірнеше түрі: спутниктік, радиорелелік байланыс түрлері, мобильді кеңжолақты, тоғысқан кезде әрекет етіп жатырмыз. Әрбір үйде оптикалық интернет болады деп уәде бере алмаймын. Себебі бұл миллиардтаған доллар инвестицияны қажет етеді, мұндай экономикалық жағдайда субсидия беру өте қиын.
Бірақ біз ауыл тұрғындарының онлайн платформаларға кіріп, білім алуына, тауарларын электрондық коммерция платформаларында сатуға, YouTube немесе басқа платформаларда видео көре алатындай сапалы мобильді интернет болады. Бұл жағынан қамтамасыз етеміз", - деді Мусин халықпен есептік кездесу барысында.
Цифрлық даму министрлігі басшысының айтуынша, сапалы интернет әрбір тұрғынның 4G-ге қол жеткізуіне мүмкіндік береді, ал интернет жылдамдығы секундына 5 мегабитке жетеді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
