Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Апострофпен компьютерде жұмыс істеу қиын

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасына қатысты түсініктеме берді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Бұл бағытта істеген мамандарда бірнеше сұрақ туындады. Өйткені апострофты алып қарасақ, ол айырғыш сияқты арнайы белгі ретінде жүреді. Бұл белгілі бір алгоритмдерді, іздеу жүйелерін қиындатады”, — деді Абаев журналистерге.

Министрдің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев ІТ саласындағы мамандардың пікірін тыңдады.

“Латын әліпбиіне көшуге қатысты мәселеге әртүрлі сала мамандары тартылып отыр. Барлығының пікірі тыңдалды. Менің ойымша, жаңа нұсқа бұрынғыға қарағанда тиімдірек әрі шығыны аз болады. Жаңа нұсқа әлдеқайда ыңғайлы деп ойлаймын”, — деді министр.

Тағы оқыңыз:

Тarıhı oqıǵa: Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңа әліпбимен құттықтады

Bek Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды

Ақтөбеде 52 жолаушы қаза тапқан автобустың техникалық ақаулары болған

Таразда лауазымды полицейлер парамен ұсталды

Талқылау